ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 11 БАЛАСЫ БАР ОТБАСЫНЫҢ АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ БАСПАНАСЫ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Биыл «Ауыл» партиясының құрылғанына 25 жыл толуына орай Түркістан облысы филиалының ұйымдастыруымен Төлеби ауданының Көксәйек елді мекенінде 11 баласы бар отбасының апатты жағдайдағы баспанасы толық жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді.
Отбасының жай-күйімен арнайы танысуға облыстық мәслихат депутаты Төрегелді Қалмұратов пен аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев барып, аталған жобаның әлеуметтік қолдау шаралары аясында жүзеге асқанын атап өтті. Бұл бастама көпбалалы отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған.
Жөндеу жұмыстары аясында үйдің шатыры мен едені толық ауыстырылып, қабырғалары жөнделді, терезелері жаңартылды, электр желілері ретке келтірілді. Сондай-ақ санитарлық торап толық қайта жасалып, баспана қажетті жиһаздармен қамтамасыз етілді.
Отбасы мүшелері көрсетілген көмек олардың қауіпсіз әрі жайлы өмір сүруіне мүмкіндік бергенін атап өтті. Аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Пердебайұлы көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсеткен жомарт азаматтарға аудан әкімдігі атынан алғысын білдірді.