ЖАРЫҚ ЖҮРЕКТЕ – МЕЙІРІМ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚТА!

ЖАРЫҚ ЖҮРЕКТЕ – МЕЙІРІМ МЕН ҚАМҚОРЛЫҚТА!
 
🇰🇿 Бүгін Төлеби аудандық Жастар орталығында 13 қараша – Халықаралық зағиптар күніне орай «Жарық жүректе, мейірім мен көңілде!» атты ерекше жандар арасында шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан ашық біріншілік ұйымдастырылды.
 
✅Іс-шараның басты мақсаты – мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету, олардың өмірге деген құштарлығы мен жігерін дәріптеу.
 
✅Спорттық кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, мәслихат депутаттары Жабаев Ерболат, Маженов Сакен және Мауленов Жанғали қатысып, жарысқа қатысушыларға ізгі тілектерін жеткізді.
 
📍Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте:
1 орын – Сайрам ауданы
2 орын – Төлеби ауданы
3 орын – Қазығұрт ауданы
 
✅Барлық қатысушыларға ақшалай сыйлықтар, кубоктар, медальдар және арнайы жүлделер табыс етілді.
Бұл іс-шара – тек спорттық бәсекелестік қана емес, сонымен бірге жүректерді жақындастыратын, мейірім мен сенімді арттыратын мереке болды.
 
©Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі