Төлеби ауданының прокуроры Дабыл Аянұлының төрағалығымен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясындағы тұрғындармен кездесу Қасқасу ауылдық округінде жалғасын тапты.
Жиында аудан прокуроры Дабыл Аянұлы, аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Дәркенұлы, аудандық полиция бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғани Ермек, әр сұраққа нақты жауап беріп, заң талаптары шеңберінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде интернет алаяқтықтан қорғау, жасөспірімдерге қарсы қылмыс, және ішімдіксіз ауыл тақырыптары талқыланды.
Ауыл тұрғындары ауыз су, түнгі уақытта ішімдік сатуға тыйым салу, және интернет алаяқтықтан зардап шеккен жағдайлар жөнінде сұрақтар қойды.
Аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Дәркенұлы өз сөзінде:
«Мұндай кездесулер халық пен билік арасындағы ашық диалогты нығайтады. Әр тұрғынның пікірі мен ұсынысы біз үшін маңызды. Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының кепілі. Сондықтан әрбір азаматтың белсенділігі мен заңға деген құрметі ортақ жауапкершілікті арттырады», – деді.