«ЗЕРТАС» АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – «АУЫЛ – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ

«ЗЕРТАС» АУЫЛДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ – «АУЫЛ – МӘДЕНИЕТТІҢ БАСТАУЫ» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ БАС ЖҮЛДЕГЕРІ
 
🇰🇿Облыстық «Ауыл – мәдениеттің бастауы» атты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар арасындағы байқау өз мәресіне жетті.
 
✅Байқаудың негізгі мақсаты – ауылдық жерлердегі мәдениет ошақтарының қызметін жандандыру, халықтың рухани өмірін байыту және шығармашылық ұжымдардың еңбегін насихаттау болып табылады.
 
✅Аталмыш байқауда жоғары кәсіби шеберлігі мен белсенді қызметінің нәтижесінде Төлеби ауданының «Зертас» ауылдық мәдениет үйі Бас жүлдеге ие болды.
 
📍Жеңімпаз ұжымды зор жетістігімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да ауыл мәдениетін өркендету жолындағы еңбектеріне шығармашылық табыс тілейміз.
 
©Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі