Бүгін Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандырған бірқатар әлеуметтік мәселелерді көтерді.
Кездесу барысында тұрғындар ауыз су және электр жарығы, жолдардың жөнделуі, көпқабатты тұрғын үй ауласындағы қосымша құрылыс және тұрғын үй кезегіне қатысты сұрақтарын қойып, өз ұсыныстарын жеткізді.
Бағдатбек Пердебайұлы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, мәселелердің шешілу жолдарын түсіндірді. Тиісті бөлім басшыларына азаматтардың өтініштерін назарға алып, нақты шаралар қабылдау жөнінде тапсырма берді.
Мұндай қабылдаулардың басты мақсаты – тұрғындармен тікелей байланыс орнатып, олардың тұрмыс сапасын арттыру.