
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серғазы Қалдыбаев Ленгір қаласындағы жалға берілетін пәтерлердің қарыздарын өндіру және заңсыз пәтер жалдаушыларды шығару бойынша сот процестері туралы баяндап, атқарылып жатқан жұмыстар жайында ақпарат берді.
Қазіргі таңда мемлекеттен арендалық пәтер алған тұрғындар тарапынан 33 млн 525 мың теңге төленіп, 80 млн теңге көлемінде қарыз қордаланғаны айтылды.

Мәжіліс барысында аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев пен аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Бектөре Ешжан жаңа тұрғын массивтер бойынша жер телімдерін бөлу, жер кезегінде тұрған азаматтардың саны және жер телімдерінің берілмеу себептері туралы баяндады.
Аудан әкімі жер бөлу процесін жеделдетіп, ашықтықты қамтамасыз етуді тапсырды.

Қосымша сұрақтар ретінде ауыз су, күл-қоқыс жинау, айыппұл өндіру, жылу беру және елді мекендердің санитариялық жағдайы қаралды.
Бұл бағытта Серғазы Қалдыбаев пен «Ленгір су» МКК директоры Арнұр Ермекбай есеп беріп, Қоғалы ауылдық округінің ауыз су мәселесі мен Ленгір қаласындағы жылу қазандығының жұмысы талқыланды.