ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ ҚАРАЛДЫ
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауын жалғастыруда. Кезекті қабылдау барысында әкім Ленгір қаласының тұрғынын қабылдап, оның жеке өтінішін тыңдады.
 
✅ Кездесу кезінде тұрғын өзіне тиесілі жер теліміне баратын жолдың ашылу мәселесін көтерді. Әкім өтінішті мұқият қарап, тиісті бөлім басшыларына жағдайды зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Аталған өтініштің орындалу барысы аудан әкімінің жеке бақылауына алынды.
 
✅ Аудан тұрғындарымен ашық диалог орнатып, олардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған жеке қабылдаулар кестеге сәйкес жалғасын табады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі