ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
 
Құрметті кәсіпкерлер қауымы!
 
🇰🇿Сіздерді кәсібіңізге деген адалдығыңыз бен ел экономикасының дамуына қосқан зор үлестеріңіз үшін шын жүректен Қазақстанның Кәсіпкерлер күнімен құттықтаймын!
 
✅Кәсіпкерлік – елдің экономикалық қуатын арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарын ашуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, өңірдің дамуына серпін беретін маңызды сала.
Бүгінде ауданымызда өз ісін өркендетіп, халыққа сапалы қызмет көрсетіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің еңбегі зор.
 
✅Сіздердің табандылықтарыңыз бен іскерлік белсенділіктеріңіз – ауданның тұрақты дамуының кепілі. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы шаралар одан әрі жалғаса бермек.
 
✅Барша кәсіпкерлерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке, жаңа жетістіктер мен табыс тілеймін!
Істеріңіз алға басып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылсын!
 
Ізгі тілекпен, аудан әкімі
Еркеғали ӘЛІМҚҰЛОВ,