
Бекасыл Асамбек 60 келі салмақта қарсыласын 4:1 есебімен ұтып, Азия чемпионы атанса, Бақдаулет Ағабек 45 келі салмақта қола жүлдегер атанды. Бұл жеңістер – ауданымыздың спортқа бейім, жігерлі жастарының еңбегінің, табандылығының және елге деген сүйіспеншілігінің айқын көрінісі. Жеңімпаздарды жетістігімен шын жүректен құттықтаймын!