АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫН МАРАПАТТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫН МАРАПАТТАДЫ
 
🇰🇿 Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Жұмысшы мамандығы» жылы аясында білім саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан маманды қабылдады.
 
✅ Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі Мәдени жалпы орта мектебінде 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін шаруашылық меңгерушісі болып қызмет атқарып келе жатқан Сағымбеков Махажан Сағатұлы өз ісіне адалдығы мен оқу ордасының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
 
📌 Кездесуде аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы Махажан Сағатұлының еңбекқорлығын атап өтіп, шаруашылық бағытындағы жауапты қызметіне ризашылығын білдірді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі