КІТАПХАНА - МӘДЕНИЕТТІҢ АЛТЫН ҚАЗЫНАСЫ

КІТАПХАНА - МӘДЕНИЕТТІҢ АЛТЫН ҚАЗЫНАСЫ
 
Құрметті кітапханашылар!
🇰🇿 Сіздерді рухани әлемнің шырақшылары – кітапханашылардың кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
 
✅ Кітапхана — халқымыздың мәңгілік мұрасы мен мәдениетінің алтын қазынасы, ал сіздер сол қазынаны ұрпақтан ұрпаққа аманаттап жеткізуші, білім мен парасаттың жарқын жолын нұрландырып жүрген абзал жандарсыздар.
 
✅ Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз – қоғам дамуының, жас ұрпақтың рухани кемелденуінің қайнар көзі. Күнделікті еңбектеріңіз арқылы адам мен кітаптың арасындағы киелі байланысты жалғап, сананың сәулесін, жүректің жылуын таратасыздар.
 
✅ Бұл мерейлі күні сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт және оқырман қауымның ыстық ықыласын тілеймін! Еңбектеріңіз жемісті, өмірлеріңіз нұрлы болсын!
 
Ізгі тілекпен, аудан әкімі Е.Әлімқұлов