ПОЛИЦИЯ – ХАЛЫҚТЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ТІРЕГІ

ПОЛИЦИЯ – ХАЛЫҚТЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ БАСТЫ ТІРЕГІ
 
🇰🇿Бүгін, Төлеби ауданы әкімдігі мен аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Ленгір қаласындағы Тәуелсіздік саябағында 23-маусым – Қазақстан полициясы күніне арналған мерекелік жиын өтті.
🔰Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, қоғамдық тәртіпті бақылап, азаматтардың құқықтарын қорғап, халықтың сенімі ақтап жүрген бірқатар азаматтарға «Алғыс хаттар» табыс етті.
📌 Полиция – бұл мемлекеттің негізі, халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігінің басты тірегі. Қоғамда тәртіп пен заң үстемдік құрса ғана ел дамиды, мемлекет нығаяды. Бұл жолда сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Сіздерге ел алдындағы адал еңбектеріңіз, қайсарлықтарыңыз бен табандылықтарыңыз үшін зор алғыс білдіреміз. Борыштарыңызды адал атқаруларыңыздың нәтижесінде Қазақстан азаматтары бейбіт өмір сүріп, өз болашағына сеніммен қарайды. Жаңа белестер мен жетістіктерге жете беріңіздер!, деді құттықтау сөзінде аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы.
🔰Мерекелік жиында Төлеби аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев, Төлеби аудандық мәслихат депутаты Ерболат Жабаев, 'AMANAT" партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров заң талаптарын қатаң сақтап, әділдікті ту етіп, қоғамда тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі сала мамандарын марапаттады.
✅Төлеби аудандық полициясының абыройы артып, мәртебесін биіктетуге арналған басқосу мерекелік концертпен жалғасып тауып, елімізге танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетті.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі