ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!
 
ҚҰРМЕТТІ АУДАНЫМЫЗДЫҢ ЖАСТАРЫ!
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әлеуметтік бейнероликтер республикалық жастар конкурсы өтетіндігін хабарлаймыз. Конкурстың тақырыбы: «Жемқорлықсыз болашақ»
Мақсаты: Жастардың назарын сыбайлас жемқорлық проблемаларына аудару, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік жарнамадағы шығармашылық бастамаларды қолдау, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және мемлекеттік органдарға сенімді қалыптастыру.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14-35 жас аралығындағы азаматтары – жеке авторлар немесе шығармашылық ұжымдар қатыса алады.
Конкурс Номинациялары:
• «Үздік әлеуметтік бейнеролик»
• «Ең креативті идея»
• «Үздік әлеуметтік хабарлама»
Конкурстық жұмыстар (бейнероликтер) қазақ және орыс тілдерінде paryz_zhastary2015@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады:
Конкурстық жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 21 мамырдан 20 маусымға дейін. Жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды. Үздік бейнелер ресми сайтта 2025 жылдың 1 шілдесінен кейін жарияланады.
Қосымша анықтама үшін +7 707 696 8053 телефон номеріне хабарласыңыз.