Құрметті ақ халатты абзал жандар!

Құрметті ақ халатты абзал жандар!
 
✅ Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
⚜️ Адам өмірі мен денсаулығын сақтау жолында аянбай еңбек етіп, науқастың дертін дәрі-дәрмекпен ғана емес жылы сөздеріңізбен емдеп, ертеңіне үміт сыйлап, үлкен жауапкершілікті арқалап жүрген Сіздердің еңбектеріңізге алғысымды білдіремін.
Қиын-қыстау сәттерде үміт отын жағып, жанқиярлықпен қызмет етулеріңіз – нағыз ерлік.
🔰Ел денсаулығы – ұлт байлығы десек, Сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз.
Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығы, қажымас қайрат, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін!
 
©️Ізгі тілекпен,
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов