Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов әкімдік ғимаратының ашық кеңсесінде тұрғындардың толғандырған сұрақтарын тыңдап, туындаған мәселелердің шешу жолдарын айтты.
Кезекті қабылдауда ауыз су, жол төсеу, балалар ойын алаңшасын, түнгі жарық орнату, биотермиялық шұңқыр (беккари) салу, ескі электр бағаналарын ауыстыру, қоқыс полигоны, әлеуметтік көмек, тұрғын үй мәселелері көтерілді.
Қабылдау барысында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Тұрғындар сұрағына жіті назар аударған аудан басшысы салаға жауапты орынбасарларына, бөлім басшыларына мәселелердің заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.