Құрбан айт мерекесінде дін мен дәстүр дәріптелді

Құрбан айт мерекесінде дін мен дәстүр дәріптелді
 
🇰🇿Түркістан облысы Төлеби ауданы орталық «Нұр» мешітінде құрбан айт мерекесіне орай, аудан тұрғындарының қатысуымен ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті.
🔰Дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту мақсатында ұлттық спорттық ойындары - «Қазақша күрес», «Қошқар көтеру», «Асық ату», «Гір тасын көтеру», «Садақ ату», «Арқан тарту» сынды жарыстарда оқ бойы озып шыққандарға бағалы сыйлықтар мен арнайы дипломдар табысталды.
✅Ауданның бас имамы Үсен Сәуірбаев ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні жөнінде насихат айтып, мешіт қызметкерлерімен бірге шараға белсене қатысты. Сонымен қатар, балаларға арналған арнайы ойын алаңы құрылып, мерекелік көңіл күй сыйланды.
⚜️Құрбан айттың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан барша жомарт жандарға алғыс білдіреміз.
Құрбан айт мерекесі құтты болсын!