МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕГЕМЕНДІК БЕЛГІСІ, ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰМАРЫ!

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕГЕМЕНДІК БЕЛГІСІ, ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰМАРЫ!
 
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Әнұран
ресми түрде бекітілді. Тәуелсіздігіміздің айғағы болып саналатын Мемлекеттік символдардың қабылданғанына биыл 33 жыл толып отыр.
Ту – еркіндігіміздің,
Елтаңба – егемендігіміздің,
Әнұран – елдігіміздің белгісі!
Осы үш белгі – тарихы толық қалыптасқан, Конституциясы бекіген, Тәуелсіз ел екендігімізді дәлелдейтін төлқұжатымыз!
Ата-бабамыздың аңсап кеткен арманы мен азаттық идеяларын бойына сіңірген тәуелсіздігіміздің осы үш нышаны қазақстандықтарға рух береді.
Еліміздің рәміздерін құрметтеу және қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы саналады.
Қадірлі жерлестер!
Мерекеде өздеріңізге деген барлық ыстық лебіздерді білдіре отырып, Тәуелсіз еліміздің жеңісі мен жемісі алдағы уақытта да еселей берсін. Көкбайрағымыздың қашанда тұғыры биік болсын, Әнұранымыз әлемнің түкпір түкпірінде жаңғыра берсін, елтаңбамыз үнемі айбынымыз бен абыройымыздың белгісі бола берсін!
 
Ізгі ниетпен,
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов