
Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Файзулла Байдуллаевтың айтуынша, өткен жылы өңірде 1,5 жылдық қорды қамтамасыз ету мақсатында, 5,5 млн тонна мал азығы жиналған. Атап өтетін жағдай, қыс мезгілінің мал шаруашылығына жылы, қолайлы болуына байланысты, алдын ала есеп бойынша өткен жылдан 1,9 млн тонна мал азығы қоры сақталған. Биыл ауа райы қолайсыз болғандықтан, бұл бағыттағы жұмысты ширату қажет. Осы орайда, мал азығы тапшылығын шешу жолында қысқа мерзімдік, орта және перспективалы мерзімдерге жоспарлар дайындалып, ұсынылмақ. Оның ішінде кебек бөлу ісін жүйелеу, су үнемдеу технологияларын енгізіп, малазықтық дақылдар көлемін арттыру көзделген.