
Аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс нысандары туралы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Құттымұрат Тұрғынбаев баяндады. 2025 жылы бюджет есебінен іске асырылатын жобалар саны – 19. Бүгінде Ленгір қаласында Қапал батыр көшесіндегі көп қабатты 3 тұрғын үй құрылысы, Алатау мөлтек ауданында, Момынай, Көксәйек, Қаратөбе елді мекендерінде инфрақұрылым нысандарының және Көксәйек, Момынай елді мекендерінде спорт кешенінің құрылыстары жүргізіліп жатыр. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан Достық елді мекенінде 900 орындық, Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Қосағаш елді мекенінде 300 орындықты мектептерінде сыртқы инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.