
Төлеби ауданында акция аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылды. Іс-шараға Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Нұржан Махамбетов, аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев, Төлеби аудандық сотының төрағасы Ғани Байарыстан, Төлеби ауданының прокуроры Дастан Мырзағали, Төлеби аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, Түркістан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментінің Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасы, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.