
Айта кетейік, облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 896 мың гектарға егілді. Көктемгі дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілуде. Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларын ұтымды пайдалану тапсырмасына сәйкес, 59 мың гектарға су үнемдеу технологияларын ендірілмек. Қазіргі таңда 16,0 мың гектарға енгізілді. Салада еңбек өнімділігін арттыру үшін озық жаңа тәсілдерге басымдық берілуде. Қарқынды баулардың көлемі — 4,3 мың гектар болса, жылыжайлар көлемі — 1640 гектар. Елімізден экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%-ы, қой етінің 75%-ы Түркістан облысының үлесінде. 4 айда 6,7 мың тн. ірі қара мал еті, 4,6 мың тн. қой еті экспортқа жөнелтілді.