КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КОМИССИЯНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
 
Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі Комиссияның ІІ-тоқсандағы мәжілісі өтті. Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Лесбек Серікбаев төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.
Комиссия отырысында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы, аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Асхат Райымбеков бизнестің дамуына кедергі келтіретін жемқорлық тәуекелдері және әкімшілік кедергілер туралы баяндама жасады. Сонымен қатар Тасарық ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрлан Қалтаев Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша баяндады. Жиын барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, жауап берілді. Басқосуды қорытындылаған Лесбек Әуезханұлы күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша хаттамалық шешімнің орындалуын қадағалауды тапсырды.
 
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі