
Күн тәртібіне сәйкес, «Щелково Агрохим KZ» ЖШС агрономы Исат Қуаныш, «Қамбар ата» Қауымдастығының төрағасы Асылбек Бексауытов, "JINHONG AGRО LTD" (Жинхонг Агро) ЖШС менеджері Нурбахыт Кенжеханова агродрондар, ауыл шаруашылығы техникасы, минералды тыңайтқыштар және мал шаруашылығын дамыту тақырыбында баяндамалар жасады. Жиынға қатысушылар талқыланған тақырып бойынша қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардың жауабын алды. Семинар соңында "JINHONG AGRО LTD" (Жинхонг Агро) ЖШС өкілдері агродронды ұшырып, жұмыс барысын көрсетті.