Кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады

Кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады
 
🔹Бүгін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов әкімдік ғимаратының ашық кеңсесінде кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды қабылдады. Тұрғындардың басым бөлігі коммуналдық сала, ауыз су, аяқ жол салу, түнгі жарық орнату және өзге де жеке мәселелері жөнінде талап-тілектерін жеткізді.
🔹Қабылдау барысында аудан әкімі азаматтардың арыз-шағымдары мен өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Көтерілген мәселелерді шешу бойынша сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, орындалуы бақылауында болатынын ескертті.
🔹Айта кетейік, жеке қабылдауға «eOtinish» бірыңғай базасы немесе аудан әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімі арқылы алдын-ала жазылуға болады.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі