КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
🔹Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары, қала, ауыл әкімдері мен мекеме басшылары қатысты.
🔹Күн тәртібіне сәйкес, аудан, қалалардың қызметін бағалау жүйесі туралы рейтингісінің І-тоқсан қорытындысымен орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов баяндама жасады. Аудан ағымдағы жылдың 1 тоқсанына жоспарланған 9 бағыт бойынша жалпы 47,10 ұпайға қол жеткізіп облыс көлемінде 6 орынға тұрақтады.
🔹Хаттар, е-өтініш және жеке қабылдауда көтерілген сұрақтар туралы аудан әкімі аппараты әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Алмас Дүйсенбеков баяндады. Аудан әкімі аппараты заң бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Қайсар Ақылбеков құқық қорғау органдарынан келіп түскен ұсынымдар туралы хабарлады.
🔹Жиын соңында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы күн тәртібіндегі көтерілген мәселелерге қатысты қала, ауылдық округ әкімдері мен дербес бөлім, мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстардың сапалы орындалуын қатаң бақылауда ұстау қажеттілігін атап өтті.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі