АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
 
✅Төлеби ауданындағы ең өзекті мәселелердің бірі - ауыз су мәселесі. Көктем, жаз мезгіліндерінде ауыз су тұтынудың көлемі артуына орай, су тапшылығы орын алуда. Аталған мәселені шешу мақсатында қосымша ұңғыма қазылып, бұлақ көздерінен су құбырлары тартылуда.
↪️Бүгін, аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов «Алатау» мөлтек ауданы тұрғындарымен кездесіп, халықтың арыз-шағымына назар аударды. Тіршілік нәрінің тапшылығына қатысты халықтың наразылығын тыңдап, сала басшыларына мәселенің шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
🔹Екі сағатқа созылған пікір алмасуда аудан басшысы адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді екенін, әлемде су қоры азайып бара жатқанын, бұл мәселе өзектілігін жоғалтпағанын түсіндірді. Сондай-ақ, Ленгір қаласы халқын таза табиғи ауыз сумен қамту бағытында атқарылатын жоспарларымен таныстырды.
✅Аудан халқының ауыз суға тұрақты қол жеткізе алмауына аудандық әкімдік өз тарапынан алаңдаушылық танытып, проблеманы сөзбен емес іспен шешуге барынша атсалысып жатыр.
 
©️ Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі