
Қаңтар айында өткен дәл осы тақырыптағы жиында тұрғындар жоба құны 2 млрд 169 млн теңгені құрайтын қосалқы станцияға қатысты толғандырған сұрақтарын қойып, мәселе кеңінен талқыланып, қосалқы станциясының құрылысын аяқтау мерзімі 2025 жылдың 31 мамырға дейін деп көрсетілген болатын. Алайда, қосалқы станция құрылысы әлі күнге толық аяқталмай, жұмыс барысында үлкен кемшіліктерге жол берілуде.