2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті жарналар есебінен қалыптастырылған және ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің соңғы 12 айда салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген табыстылығы 12,90% инфляция кезінде 14,11% болды. 2024 жылдың қазанынан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі кезең ішінде есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 3,11 трлн теңгеге жетті.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен зейнетақы активтерінің кірістілігі соңғы 12 айда 8,44% құрады.
Зейнетақы активтерінің қысқа мерзімді жеке кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші бола алмайды. Өйткені қаржы құралдары мен басқа операциялар бойынша сыйақы түріндегі қысқа мерзімде есептелген кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар мен валюта бағамдарының өзгеруін әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кірістің мөлшерін объективті талдауды кем дегенде бір жылдық көрсеткіші бойынша жасаған жөн.
Орта және ұзақ мерзімді келешекте зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) табыстылығы қамтамасыз етіледі. Мәселен, 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2025 жылғы 1 қазанға дейін жинақталған инвестициялық кірістілік 1063,15% болды, ал бүкіл кезеңдегі инфляция 920,56%.
2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) жинақталған таза инвестициялық кіріс – 2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 13,62 трлн теңге. Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі жинақталған таза инвестициялық кірістің үлесі жүзеге асырылған төлемдер есебімен 42,8% жетті, бұл азаматтардың жинақтау құрылымында инвестициялық қызметтің маңызды орын алатынын көрсетеді.
Қазақстанда инфляция деңгейін ескере отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына бірегей кепілдік берілетінін еске саламыз. Салымшының төлемге құқығы басталған кезде жинақталған кірістілігіне кері әсерін тигізген жекелеген кезеңдердегі кірістіліктің төмендеуі жағдайында айырманың өтемақысына мемлекет кепілдік береді.
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару мен есепке алу жүйесі толықтай ашық: әрбір салымшының enpf.kz сайтындағы немесе ұялы қосымшадағы жеке кабинетінен өзінің инвестициялық кірісін көруге мүмкіндігі бар.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және олар орналастырылған қаржы құралдары туралы ақпарат Қордың (www.enpf.kz) ресми сайтындағы «Статистика және аналитика/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде жарияланады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Қазақстан Республикасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Сіздерді жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты қаржы журналистикасының онлайн-мектебі семинарына қатысуға шақырады. Іс-шара зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша ақпарат таратуға және оқытуға бағытталған. 2025 жылғы 20 қарашада (бейсенбі) орыс тілінде және 2025 жылғы 21 қарашада (жұма) қазақ тілінде офлайн және онлайн форматта өтеді.
Қор сарапшылары әлемдегі зейнетақы жүйелерінің негізгі түсініктері мен түрлері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері, Қазақстандағы зейнетақы жүйесі және БЖЗҚ қызметі туралы әңгімелейді. Семинар барысында сіздер зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы тақырыбымен танысасыздар, атап айтқанда - зейнетақы активтері қайда және қалай инвестицияланатыны туралы. Сабақ барысында зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру және инвестициялық портфельді басқарушыны қалай дұрыс таңдау керектігі туралы да толыққанды мәлімет ала аласыздар.
Сіздерге жинақтаушы зейнетақы жүйесінің кәсіби мамандарынан бастапқы көзден алынған материалдарды қолдана отырып, ЖЗЖ туралы қызықты материалды қалай дайындауға болатыны туралы ақпарат алудың таптырмас мүмкіндігі беріледі. Біздің мамандар БЖЗҚ-ға, ҚРҰБ-қа, ЕХӘҚМ-ге, ҚНРДА-ға қандай сауалдармен жүгінуге болатынын және Қордың сайтынан немесе Youtube арнасынан жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпаратты өз бетінше қалай алу керектігін түсіндіреді.
Өтетін орны: офлайн – Алматы қ., Самал-2 ықш/ауд., онлайн - Cisco WebEx вебинар платформасы
Спикерлер: БЖЗҚ және ҚР Ұлттық банкінің сарапшылары
Өткізу уақыты: 20 қараша - орыс тілінде және 21 қараша - қазақ тілінде сағат 10.00-ден 12.30-ға дейін.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Қатысуға өтінімді press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет. Онда өзі туралы төмендегі ақпараттар қамтылуы тиіс:
ТАӘ,
БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы,
қатысу күні,
қатысу форматы (офлайн/онлайн),
электрондық пошта мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесі мен іс-шара туралы хабарлама жіберу үшін).
Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.
* Толық бағдарлама осы хаттың қосымшасында берілген.
Байланысуға болатын тұлға:
Тимиряз Есембеков, Жұртшылықпен байланыс департаменті директорының орынбасары,
БАҚ-пен байланыс басқармасының бастығы
8 (727) 331-66-99 ішкі 5276, ұялы 8 701 710 0734
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 25,73 трлн теңгеден асты. 12 айда 4,56 трлн теңгеге немесе 21,5%-ға артты.
2025 жылдың 1 қазанында міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының көлемі 24,40 трлн теңге. 12 айдағы өсімі – 19,8%.
Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтары – 726,94 млрд теңге, 12 айдағы өсім – 15,6%.
Бір жыл ішіндегі ең үлкен өсім – 32,8% ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті, олардың көлемі – 9,47 млрд теңге.
Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап түсе бастаған жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) 2025 жылдың 1 қазанына 596,18 млрд теңге болды.
Түсімдер
Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды.
2025 жылдың 9 айында салымшылардың шоттарына 2,37 трлн теңге мөлшерінде зейнетақы жарналары түсті (өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 17,8%-ға немесе 356,75 млрд теңгеге артық.
МЗЖ есебі жүргізілетін жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) 2025 жылдың басынан бастап 1 қазанына дейін 1 937,66 млрд теңге (өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда МЗЖ көлемі 9,97%-ға ұлғайды), МКЗЖ – 100,69 млрд теңге (өсім – 19,1%), ЕЗЖ – 1,82 млрд теңге түсті. 2025 жылдың 9 айында ЖМЗЖ 326,02 млрд теңгені құрады.
Төлемдер мен аударымдар
2025 жылдың 9 айында БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар 1 368,27 млрд теңгені құрады. Бұл былтыр жасалған төлемдер көлемінен 1,6 есе немесе 508,31 млрд теңгеге көп.
Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – 823,82 млрд теңге.
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер 12 айда 23,43% ұлғайып, 01.10.2025ж. 181,81 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты кесте бойынша берілетін орташа айлық төлем – 35 691 теңге.
Жыл басынан бері 01.10.2025ж. дейін мұрагерлік бойынша 50,49 млрд теңге, ҚР-дан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге байланысты 32,60 млрд теңге, мүгедектігі бар адамдарға – 2,33 млрд теңге, жерлеуге – 8,03 млрд теңге көлемінде төлем жасалды. Сақтандыру ұйымдарына 269,19 млрд теңге аударылды.
Жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) саны
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны – 17,97 млн. бірлік (12 айдағы өсім – 1,17 млн бірлік немесе 7,0%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қазанына 12,66 млн бірлік болды. Оның ішінде: 11,25 млн - МЗЖ бойынша, 752,27 мыңы - МКЗЖ бойынша, 460,13 мыңы – ЕЗЖ есептелетін шоттар. Халықаралық тәжірибеге сәйкес, бір жыл ішінде кемінде бір рет болса да жарна түскен ЖЗШ белсенді шот болып есептеледі. 2025 жылдың 9 айында МЗЖ 6,91 млн ЖЗШ-ға түсті, бұл осы жарналар енгізілуі мүмкін 10,04 млн ЖЗШ-ның 68,8% құрайды. Бұған сондай-ақ 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін ашылған шоттар мен есепті кезең ішінде ашылған жаңа шоттар кіреді. Бұл санға елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен, бірақ жинағын алу туралы өтінішпен жүгінбеген алушылардың, мұрагерлері зейнетақы жинақтарына мұрагерлік ресімдемеген қайтыс болған салымшылардың, 2017 жылдан бастап толық мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға аударылған әскери қызметшілердің және шоттарына қазақстандық заңнамаға сәйкес жарналар түспеуі керек басқа да санаттағы салымшылардың (алушылардың) шоттары кірмейді.
Ал БЖЗҚ-дағы ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 5,32 млн бірлік.
Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және аналитика» бөлімінде орналастырылған.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
"БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы "Статистика және аналитика – Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару" бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі - ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынды.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ҚРҰБ пен ИПБ-лардың басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі – 25 716,69 млрд теңге. Осы күнгі жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 25 047,64 млрд теңге[1] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерінің көлемі – 594,85 млрд теңге.
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 74,20 млрд теңге.
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
Ұлттық Банк БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқарушы ретінде теңгерімді инвестициялық саясатты ұстанады: валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының сан-алуан түрлеріне инвестициялайды.
2025 жылғы 1 қазанда МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 42,08%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 9,33%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 2,66%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,95%, МҚҰ - 1,23%, ҚРҰБ депозиттері – 0,87%.
2025 жылғы 1 қазандағы МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 56,75%, АҚШ долларымен – 43,25%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен "кері РЕПО" операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 1 450,29 млрд теңге. Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кіріс – 235,62 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша алынған кіріс, оның ішінде бағамдық қайта бағалау есебімен – 661,64 млрд теңге, өзге кірістер - 5,30 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс болды.
2024 жылдың қазанынан бастап 2025 жылдың қыркүйегіне дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 3,11 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік – 14,11%, инфляция мөлшері – 12,90%.
2025 жылғы 1 қазандағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 98,53%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат - 0,86%, ҚРҰБ депозиттері – 0,61%.
ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номиналданған қаржы құралдарынан тұрады.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ЖМЗЖ есебінен зейнетақы активтерінің соңғы 12 айдағы кірістілігі 8,44% көрсетті.
Зейнетақы жинақтары - ұзақ мерзімді инвестициялар. Сондықтан, инвестициялық кірістің мөлшерін кем дегенде бір жыл ішінде талдаған жөн. Жекелеген кезеңдерде шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығына, қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруіне, сондай-ақ инфляцияның ықпалына байланысты кірістіліктің төмендеуі байқалуы мүмкін. Кейбір құралдар бойынша алынған кіріс басқа құралдар бойынша уақытша шығындарды жабатын инвестициялық портфельді әртараптандыру зейнетақы жинақтарының ұзақ мерзімді келешекте сақталуын және орнықты табыстылығын қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылдағы инвестициялық кіріс тұрақты түрде өсіп, зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция деңгейінен асып түсті.
ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 74,20 млрд теңгеден асады.
01.10.2025ж. жағдай бойынша "Alatau City Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері – 13,29 млрд теңге.
Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 17,78%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 16,60%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің (ЕДБ) облигациялары – 15,87%, РЕПО – 13,15%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 11,01%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 10,99%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,99%, МҚҰ – 5,75%, шет мемлекеттердің МБҚ – 2,75%. Атап кетейік, портфельдің 75,31% теңгемен, 23,27% - АҚШ долларымен, 1,42% - басқа валюталарда ұсынылған.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 11,99% болды.
"Alatau City Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.10.2025ж. жағдай бойынша "Halyk Global Markets" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 6,98 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: РЕПО (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 42,57%, ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 16,12%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,99%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,13%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 7,13%, шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебесі бар бағалы қағаздар – 5,30%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 4,90%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 4,64%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 77,54%, АҚШ долларымен 22,46% тең.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,02% болды.
"Halyk Global Markets" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.10.2025ж. жағдай бойынша "BCC Invest" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері - шамамен 8,51 млрд теңге.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ЕДБ облигациялары – 23,69%, ҚР ҚМ МБҚ – 20,63%, РЕПО – 14,44%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 13,04%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 13,81%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 10,74%.
Ұлттық валютадағы инвестициялар – портфельдің 75,04%, АҚШ долларымен 24,96%.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,22% болды.
"BCC Invest" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.10.2025ж. жағдай бойынша "Сентрас Секьюритиз" АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 3,33 млрд теңге.
ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 17,40%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 16,20%, ҚР ЕДБ облигациялары – 15,73%, ҚР ҚМ МБҚ-ға 14,43%, РЕПО – 13,78%, ҚР резиденттері-эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 3,45%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхатары – 3,35%, АҚШ мемлекеттік облигацияларына – 3,30% инвестицияланды.
Ұлттық валютада портфельдің 68,34%, АҚШ долларында – 31,66% инвестицияланды.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 18,19% болды.
"Сентрас Секьюритиз" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша "Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 42,09 млрд теңге болды.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: ҚР ҚМ МБҚ – 21,39%, кері РЕПО (90 күнтізбелік күннен көп емес) – 21,38%, ҚР ЕДБ облигациялары – 9,07%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 8,95%, шет мемлекеттердің МБҚ – 7,64%, МҚҰ – 7,50%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 6,14%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,03%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 2,38%, шетелдік эмитенттердің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 3,80%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 1,92%.
Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 61,62%, АҚШ долларында – 38,38% инвестицияланды.
2025 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің салымшылардың (алушылардың) шоттарына соңғы 12 айда бөлінген кірістілігі 13,81% болды.
"Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ "Halyk Finance" АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
[1] зейнетақы жарналары мен төлемдер шоттарындағы ақшаны есепке алмағанда
Қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үйге немесе емделуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу салымшының таңдауына қалдырылады: БЗТ алған кезде бірден немесе кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне дейін кейінге қалдыру тәсілі. Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал топқа жататын тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысына стандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.
Салық салынатын кірісті қайта есептеп, ЖТС қайтаруға құқығы бар жеке тұлғалардың тізбесі қолданыстағы Салық кодексінде айқындалған. Бұл бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектер, мүгедек балалардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының бірі, бала асырап алушылардың бірі, жетім балалардың асырап алушы ата-аналары, соғыс ардагерлері және басқа санаттар. Мұндай азаматтардың толық тізбесі ҚР Салық кодексінің 346-бабы 2) және 3) тармақтарында көрсетілген.
БЗТ бойынша салық салынатын табысты айқындау кезінде стандартты салық шегерімдері қолданылмаған зейнетақы төлемдерін алушылар, оларды қолдану құқығы болған жағдайда, шұғыл түрде – 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) – БЖЗҚ-ның жақын жердегі филиалына кірістерді қайта есептеу және ЖТС өтеу үшін стандартты салық шегерімдерін қолдануға өтінішпен және растайтын құжаттармен («Мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі» ААЖ-да алушының мүгедектігін растайтын мәліметтер болған жағдайда, тиісті растаушы құжаттар ұсыну талап етілмейді) шұғыл түрде жүгінуі қажет.
Стандартты салық шегерімі қолданылғаннан кейін ЖТС алушының жеке зейнетақы шотына, егер ол ұсталған болса, қайтарылады. Егер кейінге қалдырылған ЖТС таңдалса, онда 2026 жылғы 1 қаңтардан кейін ай сайынғы зейнетақы төлемдерін алған кезде оны төлеу жөніндегі міндеттемелер жойылады.
ЖТС қайтару бойынша белгілі бір санаттағы жеке тұлғалардың өтініштері үшін талап қою мерзімін ұзарту 2025 жылғы 31 желтоқсанына (қоса алғанда) дейін қолданыста болады. Өйткені 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі күшіне енеді және талап қою ескіру мерзімі қайтадан 3 жылды құрайды.
Сондықтан 2021-2022 жылдары БЗТ пайдаланған және стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы бар барлық азаматтарға осы құқықты кейінге қалдырмауға және уақытында пайдалануға кеңес береміз!
Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына хабарласуға болады: 1418 (Қазақстан бойынша тегін), 8 (727) 356 10 60 (қалааралық және халықаралық қоңыраулар).
Естеріңізге сала кетейік, қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға немесе емделуге ақы төлеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдаланған кезде жеке табыс салығын (ЖТС) салымшының таңдауы бойынша төлеуге болады: БЗТ алған кезде немесе кесте бойынша зейнетақы төлемдеріне дейін кейінге қалдырумен. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалар БЗТ түріндегі табысқа стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқылы.
Бұл ретте БЖЗҚ-дан БЗТ түріндегі салық салынатын табыс сомасы мынадай тәртіппен айқындалады:
БЗТ түріндегі табыс сомасынан Салық кодексінің тиісті баптарында көрсетілген салық шегерімдерінің сомасы алынады. Қорытынды қалдық салық салынатын табыс болып есептеледі.
Мысалы, егер салымшының 2021 жылы алған БЗТ түріндегі табысы 5 000 000,00 теңгені құраса, салық міндеттемелері 500 000,00 теңгені құрайды (5 000 000,00* 10%), содан кейін 2021 жылы 882 АЕК мөлшерінде 2 572 794,00 теңге (882*2 917,00[2] теңге) сомасында стандартты салық шегерімдерін қолданған кезде міндеттемелерді азайту бағытында салық түзетулері жүргізіледі.
Осылайша, салық міндеттемелерінің қалдығы (кейінге қалдырылған ЖТС) 242 720,60 теңгені құрайды, ол былайша есептелген:
((5 000 000,00 - 2 572 794,00)*10%).
Егер Сіз БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алушы болсаңыз және кейінге қалдырылған ЖТС сомасы толығымен немесе ішінара ұсталып, бюджетке аударылған болса, салықты қайтару үшін БЖЗҚ-ға берілген құжаттар негізінде 882 АЕК шегінде берешек қалдығын түзете отырып, ЖТС өтеледі және төленеді.
Жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты 2026 жылғы 1 қаңтардағы қалған салық міндеттемелері 2026 жылғы қаңтарда жойылады.
01.01.2026ж. бастап Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII ҚРЗ Салық кодексі қолданысқа енгізілді. Ол БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері, Қазақстан Республикасының резидент-жеке тұлғаларының біржолғы зейнетақы төлемдері түріндегі табыстан ЖТС ұстап қалуды тоқтатуды көздейді.
01.01.2026ж. жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларында (алушыларында) бар БЗТ-дан кейінге қалдырылған ЖТС бойынша барлық салық міндеттемелері жойылады.
01.01.2026ж. бастап қолданысқа енгізілетін жаңа Салық кодексінің ережелерінде ЖТС зейнетақы төлемдерінің барлық түрлерінен ұсталмайтындығы көзделген. Бұл өзгерістің алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын жағдайларға қатысы жоқ. ЖТС, сондай-ақ БЗТ-дан да ұсталмайды. Яғни, Қазақстан Республикасының резиденттері болып есептелетін жеке тұлғаларға БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне, біржолғы зейнетақы төлемдеріне ЖТС салынбайтын болады.
Жаңа Салық кодексінің ережелерінде бұрын ұсталған ЖТС-ты қайтару көзделмеген, осыған байланысты салымшы ЖТС-ты біржолғы төлеммен бірақ төлеген жағдайда - ол қайтарылмайды.
Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес стандартты шегерімдер осы салық шегерімдерін қолдану үшін негіз туындаған, бар немесе болған күнтізбелік жылы қолданылады.
БЖЗҚ-ның 2022 және 2023 жылдары жүзеге асырылған БЗТ-ға стандартты салық шегерімдерін қолдануға құқығы жоқ, себебі БЗТ түріндегі табысты алған кезіңізде Сіз мүгедектігі бар адам санатында болған жоқсыз.
[1] Айлық есептік көрсеткіш
[2] 2021 жылғы айлық есептік көрсеткіш 2917 теңгеге тең болды