2024 жылғы 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласы Атакент көрме орталығының 9 павильонында "KIOF" (Kazakhstan International Outdoor Fair) 5 - мерейтойлық халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі өтеді

2024 жылғы 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласы Атакент көрме орталығының 9 павильонында "KIOF" (Kazakhstan International Outdoor Fair) 5 - мерейтойлық халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі өтеді

2024 жылғы 25-28 сәуір аралығында Алматы қаласы Атакент көрме орталығының 9 павильонында "KIOF" (Kazakhstan International Outdoor Fair) 5 - мерейтойлық халықаралық аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі өтеді. Бұл B2B, B2C кең форматты іс-шарасы болып табылатын Орта Азиядағы ең ірі мамандандырылған аңшылық, балық аулау және белсенді демалыс көрмесі. Саланың барлық өкілдері үшін ынтымақтастықтың жаңа форматтары. Аталған іс-шараға ТМД елдерінен, жақын және алыс шетелдерден компаниялар, кәсіпорындар, спорт орталықтары, ұйымдар шақырылды.
"KIOF" көрмесі (Kazakhstan International Outdoor Fair) - аң аулау, балық аулау және белсенді демалыс саласындағы ең күтілетін оқиға болып табылады. Төрт күн бойы Алматы Қазақстанның, ТМД елдерінің осы индустриясының мамандарын тарта отырып, демалу бойынша ең қызықты шешімдерді, аң аулау, балық аулау және белсенді демалыс саласындағы өзекті ұсыныстар мен сұранысқа ие бағыттарды шоғырландыру орталығына айналады.
Жобаның мақсаты: ҚР аумағында аң аулау, балық аулау және белсенді демалыс туризміне бизнес пен қоғамды үдемелі тарту. Негізгі міндет-ТМД елдерінің, сондай-ақ жақын және алыс шетелдердің жаңа компанияларына елдің қарқынды дамып келе жатқан нарығына шығуға мүмкіндік беру.
2023 жылғы көрме осы саланың мүдделі тұлғалары арасында үлкен қызығушылық тудырды. Төрт күн бойы бұл шараға 10 мыңнан астам адам қатысты. Көрме осы саланың мамандары үшін тамаша бизнес - платформа болып табылады.