Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Хабарландыру

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 95 және 96-баптарының талаптарына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларының 41-тармағының 4-тармақшасына және 42-тармағына сәйкес, 20.09.2023 ж. бастап 03.10.2023 ж. дейінгі кезеңде «Алюминий өндірісі», «Шойын және болат өндірісі», «Қара металды одан әрі қайта өңдеу бұйымдарының өндірісі», «Көмір өндіру және байыту», «Мұнай және газ өндіру» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарының жобаларын қоғамдық талқылау арқылы қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың жобаларын Бірыңғай экологиялық порталдан, жарияланған жария талқылаулар айдарынан қарауға болады (Ecoportal.kz).

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталда (Ecoportal.kz) қабылданады.

Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: 010000, Астана  қаласы, Достық көшесі, 18, «Москва» бизнес-орталығы, 18-қабат, тел. 8 7172 797-795.

.