Объектілер операторларына ең үздік қолжетімді техника бойынша хабарландыру

Объектілер операторларына ең үздік қолжетімді техника бойынша хабарландыру

Объектiлердiң операторларына осы ақпаратты назарларына жеткіземіз.

Қазіргі уақытта ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ең үздік қолжетімді техникаға (бұдан әрі – ЕҚТ) көшу реформасын іске асыру үшін ЕҚТ бойынша анықтамалықтар  әзірлеуде.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 1-санаттағы ірі кәсіпорындардың (ТОП-50) ЕҚТ қолдануға байланысты кешенді экологиялық рұқсаттарға міндетті түрде көшуі көзделген.

 Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар үшін ЕҚТ көшуді кезең-кезеңмен жасау ұсынылады. Кәсіпорын 10 жыл ішінде экологиялық тиімділік бағдарламасына сәйкес ЕҚТ енгізеді. ЕҚТ көшу кезінде кәсіпорындар эмиссиялар үшін төлемдерден босатылады, олай болмаған жағдайда мөлшерлермер 2025, 2028 және 2031 жылдардан бастап 2, 4, 8 есе өсетін болады.