«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Орналасу күні Хабарландыру
 

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 95 және 96-баптарының талаптарына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларының 41-тармағының 4-тармақшасына және 42-тармағына сәйкес, 04.08.2022 ж. бастап 18.08.2022 ж. дейінгі кезеңде «Энергия өндіру мақсатында ірі қондырғыларда отын жағу», «Мұнай және газ өңдеу», «Бейорганикалық химиялық заттар өндірісі», «Цемент және әк өндірісі» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың жобалары бойынша жария талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың жобаларын Бірыңғай экологиялық порталдан, Жария талқылаулар жарияланған айдардан қарауға болады (Ecoportal.kz).

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар бірыңғай экологиялық порталда қабылданады (Ecoportal.kz).

Қосымша ақпаратты 010000, Нұр-Сұлтан қ., Достық көшесі, 18 мекенжайы бойынша және +7 7172 797 795 телефоны арқылы алуға болады.