Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде, қалыптастырылған талдау анықтамасына талдау
№1 хаттамасы Түркістан қаласы,
17.06.2026 жыл
Төрағалық етуші: Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының м.а М.Төлепов
Қатысқандар: Облыс әкімінің аппараты Агроөнеркәсіп кешенді және кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімінің бас инспекторы М.Мырзахметов, Облыс әкімінің аппараты заң бөлімінің бас инспекторы Г.Сейіт және басқарманың барлық қызметкерлері мен басқармаға бағынысты орманшаруашылығы КММ директорлары.
Күн тәртібінде:
Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қызметіне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары нәтижесінде, қалыптастырылған анықтамасын талдау жиналысы.
Төрағалық етуші табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының м.а М.Төлепов сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу үшін 2026 жылғы 10 сәуірдегі №11-нқ бұйрығымен ішкі талдау жүргізуі бойынша жұмыс тобы құрылғанын атап өтіп.
Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының м.а М.Төлеповтың баяндамасы:
Баяндамашы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының (әрі қарай- Басқарма) қызметіне құрылған жұмыс тобымен жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелі анықталғанын айтып, жеке-жеке тоқталып өтті. Жұмыс тобымен бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелі бойынша мемлекеттік қызметшілерге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, болдырмау мақсатында заң алдында жауапкершілігін Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерінің қатысуымен түсіндірме жұмыстарын ұдайы жүргізіп тұру керектігін және басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілігі бойынша әр жиналыстарда айтылатыны туралы атап өтті.
Бірінші сыбайлас жемқорлық тәуекелі:
Басқармаға бағынысты орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде хат алмасу жүйесі қағаз жүзінде орындалуына байланысты хат алмасу тәртібін толығымен автоматтандыру үшін тиісті органға қайталап ұсыныс енгізу.
Екінші сыбайлас жемқорлық тәуекелі:
Басқармаға бағынысты орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемелерінде «Ағаш кесу және орман билеттері» бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетуі қағаз және электронды түрде берілуде, осыған байланысты қызмет көрсету тәртібін толығымен автоматтандыру үшін тиісті органға ұсыныс енгізу.
Облыс әкімінің аппараты Агроөнеркәсіп кешенді және кәсіпкерлікті дамыту мониторингі бөлімінің бас инспекторы М.Мырзахметов, Облыс әкімінің аппараты заң бөлімінің бас инспекторы Г.Сейіт Басқармада жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша өз пікірінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Әркім өзінен бастау керек екендігі туралы және «Адал еңбек абыройдың бастауы», «Сыбайлас жемқорлық- қоғамның дамуына кедергі келтіретін індет» деген сөздерін жеткізе отырып, өз ойын білдірді және де жұмыс тобымен ұсынылған ұсыныстар бойынша жан-жақты қарастырып тиісті мемлекеттік мекемелерге жолдауды ұсынып, Басқарма қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік жолдады.
ШЕШІМ ЕТТІ:
Жиналыс төрағасы М.Төлепов
Жиналыс хатшысы А.Таштанова