7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай ардагерлерге құрмет көрсетілді. Аудан орталығындағы «Іңкәр» мейрамханасында Қарулы Күштер ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне және ауған соғысының қатысушыларына арналған мерекелік дастархан жайылып, ерекше құрмет көрсетілді.
Мерекелік шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар тыл еңбеккерлеріне «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін табыс етті. Аудандағы 143 тыл ардагерінің барлығы да бұл марапатпен қамтылатын болады.
Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, және еңбек ардагерлері ізгі тілектерін білдіріп, жиналған қауымға жүрекжарды лебіздерін арнады.
Шарада аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, қонақтар назарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.