ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ
Бүгін аудан орталығындағы «Даңқ» мемориалында Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесіне арналған салтанатты шара өтті.
Шара барысында соғыс жылдарында жанқиярлықпен ерлік көрсеткен жауынгерлерге құрмет білдіріліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылып, жиналғандарға «Жеңіс» ленталары таратылды. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар мен бейбіт өмірде дүниеден өткен ардагерлердің рухына құран бағышталды.
Салтанатты жиынға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жұртшылықты Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерекесімен құттықтап, ардагерлерге құрмет көрсету — ұрпақ парызы екенін атап өтті. Сонымен қатар, аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов те ізгі тілектерін арнап, бейбітшілік пен ынтымақтың маңыздылығын жеткізді.
Шара соңында аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндер орындап, шараның мазмұнын байыта түсті.