АШЫҚ ТЕРЕЗЕ — БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІПТІ! Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!

АШЫҚ ТЕРЕЗЕ — БАЛАЛАР ҮШІН ҚАУІПТІ! Созақ аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді!
Балалардың қауіпсіздігі — басты назарда! Балалардың терезеден құлап кету оқиғаларының алдын алу үшін төмендегі қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:
1. Терезені ашқан уақытта балаңыздың бақылауда екеніне көз жеткізіңіз.
2. Ұйықтап жатқан баланы пәтерде жалғыз қалдырмаңыз.
3. Москіт торына сенбеңіз — ол қауіпсіздікке кепілдік бермейді.
4. Балаға терезенің қалай ашылатынын көрсетпеңіз.
5. Терезелер мен балкондарға қоршау немесе арнайы бекіткіш орнатыңыз.
6. Жиһазды терезеден алысырақ қойыңыз.
7. Терезенің алдына гүлдер не заттар қоймаңыз.
8. Ересектердің бақылауынсыз баланы балконға шығаруға рұқсат бермеңіз.
ҰМЫТПАҢЫЗ: Сіздің қарапайым сақтық шараңыз – бала өмірін сақтап қалуы мүмкін!