Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өз мәресіне жетті. Облыс бойынша 1000-ға жуық жасты қамтыған бұл ауқымды байқаудың финалдық кезеңі Жастар ресурстық орталығында өтті.
Жобаның негізгі мақсаты – дарынды жастарды қолдау, олардың танымдық қабілеттерін арттыру, білім мен белсенділікті дәріптеу.
Байқауға 200-ге жуық команда қатысып, іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 10 үздік команда финалда бақ сынады.
Шараның ашылу салтанатында орталық басшысы Ернар Нұралыұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысты танымал жүргізуші Тағай Нұралиев жүргізді.
Финал қорытындысында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жеңімпаздарды марапаттап, қатысушыларға алғыс білдіріп, арнайы сыйлықтар табыстады.

Жеңімпаздар тізімі:
• І орын: “Жастар рухы”
• ІІ орын: “Сайрам” және “11 колледж”
• ІІІ орын: Созақтық “Uran City” және “Конина power”