19 НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ 1500 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

19 НАУРЫЗ - ЖАҢАРУ КҮНІНДЕ ЖАРТЫТӨБЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ 1500 ТҮП АҒАШ КӨШЕТІ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Жартытөбе ауылдық округінде 19 наурыз Жаңару күніне орай сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Шымкент-Жартытөбе бағытындағы күре жолдың бойына 1500 түп тал көшеттері отырғызылды.
Игі іске жергілікті әкімшілік пен мекеме қызметкерлері, ауыл ақсақалдары және белсенді жастар атсалысты. Ауыл тұрғындары ұйымшылдық пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.