АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

АППАРАТ МӘЖІЛІСІНДЕ СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Мәжілістің күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ауданның биылғы жылдағы түйінді нысаналы индикаторлары бойынша аудан әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ербол Айдарбеков хабарлап, әр сала бойынша атқарылу керек шараларға жеке-жеке тоқталып өтті.
Сондай-ақ су тасқыны мен табиғи апаттың алдын алу шаралары бойынша аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Қанат Ақбаев баяндама жасап, аудан әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы Бекзат Мыңжасаров ауылдық округтер мен кенттерді абаттандыру және тазалық жұмыстарына қатысты шараларды кеңінен қамтыды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша аудан басшысы сала мамандары мен ауыл, кент округ әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді. Тазалық жұмыстарына немқұрайлық танытқан бірқатар әкімдердің мәселесін қарап, жұмыстарын сынға алды.
Сонымен қатар, су тасқынының алдын алу шаралары бойынша да нақты міндеттер жүктеді.
- Қазіргі таңда елді мекендердің ішкі көшелерінде бекітіліп қалған арық-атыздар жетерлік. Көмілген арықтар мен су өткізгіш құбырларды тазартып, су бөгеттерін қарау керек. Әкімдерге осы бойынша жұмысты үйлестіруді тапсырамын. Бұл бағыттағы жұмыстар тек көктем мезгілінде емес, әр жиынның күн тәртібінде қаралады. Алдағы уақытта осы бойынша атқарылған жұмыстарды аралап, бақылауыма аламын,-деген аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы жауаптыларға өздеріне жүктелген міндеттерге салғырттық танытпауды ескертті.