СУ ТАСҚЫНЫ МЕН ТАБИҒИ АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

СУ ТАСҚЫНЫ МЕН ТАБИҒИ АПАТТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков су тасқыны қауіпінің алдын алу мақсатында жауапты мамандарға жүктелген тапсырмалардың орындалу барысын бақылауына алды. Аудан орталығынан Шымкент бағытына шығар жолдың су шаю қауіпі бар тұсына демеушілер есебінен қазылған қашыртқы канал мен салынған су бөгетін назарға алды. Жалпы ұзындығы 0,8 шақырымды құрайтын жаңа бөгет пен қашыртқы канал – еріген қар мен жауын-шашын салдарынан ағын су деңгейі артқан уақытта көлік қатынасы кезіндегі келеңсіздіктердің алдын алу үшін салынды.
Аудан басшысы аралау барысыда кез-келген қауіптің алдын алу және қашыртпа каналдар қазып, судың арнасын елді мекен шетіне бұру сынды мәселелерге тоқталды. Бұл бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктеп, алдағы уақытта ауылдық округ әкімдерімен де бірлесе жұмыс істеуді ескертті.