Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Маманов Серік Сахиұлының төрағалығымен Созақ ауданы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы 28 наурыз 2024 жылы өтті.
Жиынға комиссия мүшелері, барлық құзырлы орган басшыларының орынбасарлары, аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары және ауылдық округтері мен кенттер әкімдері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, оны шешу жолдары талқыланды. Комиссия отырысында ұзаққа созылған құрылыс нысандары және инфрақұрылым бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтылды.
Сонымен қатар, су мәселесі мен жылыту қазандықтары бойынша өзекті меселелер, апатты жағдайлардың алдын алу жұмыстары, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықты болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы және ауылдық округтері мен кенттері әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалармен қарым-қатынас жасау барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау шаралары бойынша атқарылып жатқан жұмыстары баяндалды.
Комиссия төрағасының орынбасары С.Маманов 2023 жылдан 2024 жылға өткен құрылыс нысандарын ағымдағы жылда сапалы аяқтап, пайдалануға беруді тапсырды.
Сонымен қатар, Таукент, Қыземшек кенттеріндегі орталықтандырылған жылыту қазандықтарын мазутқа ауыстыру жолдарын қарастыру мәселесі қаралды.
Күн тәртібіндегі 3-ші мәселе бойынша шалғай ауылдық округтерінде медицина саласындағы кадр тапшылығын шешуді, аудандық орталық аурухананы күрделі жөндеуден өткізуді және жылыту мәселесін шешу жолдары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлықпен жан-жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Бүгінгі мәжілісте қозғалған мәселелер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың белсенділігін арттырады деп сенемін. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында өз ұжымдарыңызда міндетті түрде талқылап отыруларыңызды және қандай да бір заң бұзушылыққа жол бермеуді қатаң түрде қолға алуларыңызды сұранамын.