АУДАН БАСШЫСЫ ШУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУЫНА АЛДЫ

АУДАН БАСШЫСЫ ШУ ӨЗЕНІ СУЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫН БАҚЫЛАУЫНА АЛДЫ
Шу өзені суының аудан аумағына келіп, жайылуы аудандағы өзекті мәселелердің бірі. Алдыңғы жылдардан бастап «Тасөткел» су қоймасынан Шу өзенінің төменгі арнасына экологиялық су тастау үрдісі бұзылып, едәуір бәсеңдеуде. Су жылдар бойы қалыптасқан үрдістен кешігіп келу қауіпі бірқатар алаңдаушылықтар тудыруда.
Аудан тарапынан жасалған сұраныстарға қарамастан су тастау көлемі жеткілікті дәрежеде көбейтілмеген соң аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков және арнайы құрылған топ Созақ ауданының аумағынан Ұланбел, Қарабөгет, Мойынқұм, Тасөткел және Таразға дейінгі Шу өзенін жағалап, өзеннің арнасын бағдарлады.
Сапар барысында Жамбыл облысының Шу өзеніне жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтті. Созақ ауданы бағытына тасталынатын судың мөлшерін арттыру мәселесі кеңінен талқыланды. Жиында су көлемін арттырып және оны 1 мамырға дейін тоқтатпау жөнінде өзара келісімге келді.
Арнайы құрылған топ құрамында аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайырбек Мейірманов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов, «Қазсушар» РМК ТО Созақ өндірістік бөлімшесінің басшысы Қанат Қайратұлы, аудандық “Созақ үні” газетінің тілшісі Данияр Бек, Тасты ауылының ауыл биі Талдыбаев Бақытжан және Жуантөбе ауылының тұрғыны Сәрсен Алтай болды.