Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қыземшек кентіне қарасты Тайқоңыр елді мекенінде болды. Ауылдың ішкі көшелерін және “Арай” бөбекжай балабақшасы мен Т. Момбеков атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебін аралап, жай-күйін бақылады. Білім ордасы мен балабақшаның қысқы жылу маусымына дайындық шараларын, балалар тамақтанатын орын мен асхана жабдықтарын назарға алды.