КІТАПХАНА ТҮНІ ӨТТІ

КІТАПХАНА ТҮНІ ӨТТІ
"Мыңжылқы" мәдениет сарайының алдында Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен қолға алынған "Кітапхана түні" жобасы аясында "Жастар -елдің тірегі" атты тақырыпта ауданымыздың белсенді жастарымен кездесу кеш өтті.
Кеш қонақтары: жас қаламгер Жәудір Нартай, “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің басшысы Олжас Төлепбергенұлы, "Мансап" орталығы Созақ аудандық филиалының директоры Елдос Орынбасарұлы "Жастар рухы" жастар қанатының төрағасы Ербол Мұхаметжанұлы болды. Аталған шара еркін форматта жүзеге асырылды. Ашық микрафон алаңында оқырмандар тарапынан сұрақтар жолданып, сыр-сұхбат ұйымдастырылды.
Түнгі кездесу кешіне тосыннан Қазақстанға белгілі журналист Ләйлә Сұлтанқызы келіп, болып жатқан іс-шара төңірегінде тарқата сұрап, ұйымдастырылған шараның маңыздылығына тоқталды. Игі шараға арқау болған керемет кітапхана ұжымына барша қонақтарға ақ тілегін арнап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.