ҚҰМКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ

ҚҰМКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ САЙЛАНДЫ
Созақ ауданы, Құмкент ауылдық округі тұрғындарының дауыс беру қорытындылары бойынша ауылдық округ әкімі қызметіне Балықбаев Ерзат Орынбасарұлы сайланды.
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Құмкент ауылында болып, округ әкімін ұжымымен таныстырды. Алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, қызметтік куәлігін табыстады.
-Құмкент ауылдық округі ауданымыздағы ірі округтедің бірі болып табылады. Мұнда алдағы уақытта атқарылар жұмыстар көп. Нақты жоспарларымыз бар. Сіздің ендігі міндетіңіз- халықпен тығыз байланыста болып, сенімін ақтау. Халықтың әл-әуқатын арттырып, ауылдың өмірін жақсартуға бағытталған кешенді жұмыстарды өз дәрежесінде атқаруды тапсырамын. Тұрғындар сенім білдірген соң, елдің игілігі үшін аянбай қызмет ету керек,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Аталған рәсімге қатысқан ауыл ақсақалдары жаңа сайланған әкімді ауыл тұрғындары бір ауыздан қолдағанын айтып, жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауылдық округте бұған дейін де тиісті жұмыстар өз дәрежесінде жүргізілгенін атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған Ерзат Орынбасарұлы туған өлкесінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек ететінін жеткізді.
Балықбаев Ерзат Орынбасарұлы 1971 жылы ОҚО, Созақ ауданы, Құмкент ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Оңтүстік Қазақстан Политехникалық колледжі мен Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін Техник-электромеханик, Құқықтану мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Алғаш қызмет жолын 1992 жылы «Құмкент» совхозы №1 фермаға қызылша егу звеносына жетекші ретінде бастап, 1994-2004 МТМ-ге механизатор, 2004-2006 №1 фермаға звено жетекші, 2006-2008 ТЖ шеберханасында электрик, 2012-2018 «Азиз» шаруа қожалығында атқарушы директоры, биылғы жылдың наурыз айынан бері Созақ ауданының Құмкент ауылдық округі әкімшілігінде статист маман қызметін атқарған.