АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

АУДАНДА АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ
Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтың төрағалығымен жиын өтті.
Жиында бюджет қаржыларының игерілуі, жол жөндеу, көшені жарықтандыру, жүріп жатқан құрылыс нысандары, ауыз су, санитарлық тазалық сақтау секілді мәселелерге жеке дара тоқталып, бұл жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алды.
Бұдан бөлек басқада шешімін қажет ететін өзекті мәселелерді жан-жақты саралап, орынбасарлары мен жауапты мамандарға қосымша тапсырмалар жүктеді. Алдағы уақытта жасалып жатқан жұмыстар мен кез-келген түйткілді мәселелердің орындалу барысын назардан тыс қалдырмау керектігін ескертті.
Сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында жүріп жатқан мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.