Мұсылмандардың мерекесі Құрбан айт күніне орай, Шолаққорған ауылындағы орталық мешітте айт намазы оқылды.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабылбек Еспенбетов құттықтау сөз сөйлеп, көпшілікке жылы лебізін арнады.
Ауданның бас имамы Мейрамбек Әбдіқұлов, Құрбан айттың маңызы туралы уағыз айтып, мешітке жиналған жамағатты мерекемен құттықтады.
Ауыл ақсақалдары ақ батасын арнап, ынтымақ-бірлікте болуға шақырды.