РӘМІЗДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫН ТІКТІ

РӘМІЗДЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТУҒАН ЖЕРГЕ ТУЫН ТІКТІ
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні мерекесі қарсаңында Созақ ауылындағы Созақ жалпы орта мектебі гимназиясынан 20 жыл бұрын түлеп ұшқан азаматтар туған ауылын көркейтуге өз үлестерін қосты.
Мемлекеттік рәміздерді ардақтау мақсатында ауылға кіре беріс тұстағы «Жастар» саябағы алдына «Рәміздер аллеясын» ашып, биіктігі 25 метр болатын «Ту тұғырын» орнатты.
Бүгін Мемлекеттік Рәміздер күніне орай Созақ ауылдық округі әкімдігі мен ауыл жастарының ұйымдастыруымен игі іске арқау болған түлектердің туған жерге тарту еткен «Рәміздер аллеясында» Мемлекеттік Әнұран әуелете шырқалып, Мемлекеттік Ту асқақтата көтерілді.