АЛҒАШ РЕТ «SOZAQ МАРАФОНЫ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

АЛҒАШ РЕТ «SOZAQ МАРАФОНЫ» ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, аудан әкімдігінің қолдауымен жүгіруден алғаш рет «Sozaq марафоны» өтті. Жүгіруді серік еткендер Қаратау ауыл округіне жиналып, 5, 10 шақырым жарыс жолына шықты. Марафонға бұқаралық спортты серік еткен ауданның барлық ауыл, кент округтерінен 100 тарта азаматы қатысты.
-Қазір ауданда спортқа ден қойып, өзінің белсенділігін көрсетіп жүрген жастар қатары жыл сайын көбейіп келеді. Осындай азаматтардың басын бір жерге жинап, марафон өткіздік. Мұндай ауқымды шараны аудан орталығында емес, шалғайдағы ауыл, кент округтерде өткізіп, барлық тұрғындарды қамтуды мақсат етіп отырмыз. Бұл марафон дәстүрлі түрде өткізу жоспарымызда бар,- дейді аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Олжас Төлепбергенов.
«Sozaq марафонға» 10 шақырым бойынша қатысып, жүлделі орын алған марафоншы Қонысбек Асқаров; «Жүгіріп, марафонымен айналысып жүргеніме 1 жылдан асты. Осы аралықта Тараз, Шымкент қаласында өткен марафонға қатысып, тәуір нәтиже көрсеттім. Бүгінгі «Sozaq марафонына» қатыстым. Шалғайдағы ауылдарда таланты спортшылар көп, бірнеше азамат 10 шақырымды бір деммен жүгіріп шықты. Жүгіру жолы да ерекше, өрге шығып, төмен түстік. Жалпы, марафон жоғары деңгейде өтті», - дейді.
«Sozaq марафонында» 10 шақырымдық жарыста бас жүлдені орынды Созақ ауыл округінен Абдуллаев Тұрсынәлі, Тасты ауыл округінен - Зәкіржанов Жандос бірінші орын, Қаратау ауыл округінен Абибулла Ерсұлтан екінші орын алса, Шолаққорған ауыл округінен Асқаров Қонысбек үшінші орын иеленді. Сондай-ақ 5 шақырымдық марафон жарыста шолаққорғандық Сауыр Нұрсұлтан бірінші орын, Қаратау ауыл округінен Әбденбай Сәулет екінші орын және тағы бір қаратаулық Тұрсынбаев Ырысбек үшінші орынды алды. Жүйрік қыз номинациясын шолаққорғандық Айдана Дастанова иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сыйлықтар табыс етілсе, қатысушыларға арнайы медаль тағылды.