ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ

ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ ШЕШІЛДІ
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындармен кездесіп, халықтың арыз-шағымдарын тыңдауда. Тасты ауыл округінің халқымен кездесу барысында тұрғындар тарапынан «Қылти елді мекенінен оқушыларды мектепке тасымалдау үшін автобус қою мәселесін көтерді». Көтерілген мәселе назарға алынғанын жеткізген аудан әкімі, шұғыл шешу үшін тиісті жұмыстар атқарылатынын айтқан болатын. Нәтижесінде "Катко" қазақ-француз бірлескен кәсіпорнының демеушілігімен "Газ А6 R331" маркалы жаңа шағын автобус көлігі беріліп, қазіргі таңда мектеп оқушыларын тасу мәселесі шешілді.
Сонымен қатар, Тасты ауылында Қазақстан, Амангелді көшелеріне жаяу жүргіншілерге аяқ жол төселсе деген ұсыныс айтқан болатын. Тиісті бөлімдерге шұғыл шешуді тапсырып, бүгінде Қазақстан және Амангелді көшелеріне 1,2 шақырым болатын аяқ жол салынып, Қазақстан көшесінен ауылдың кіре беріс аркасына дейін жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.